Ақсу қаласындағы «Спорттық-сауықтыру кешені»

30 Желтоқсан 2010
  • JGLOBAL_PRINT

«Еуроазиаттық Энергетикалық Корпорация» АҚ үшін Павлодар облысы Ақсу қаласындағы «Спорттық-сауықтыру кешені» нысаны бойынша жұмыстар аяқталды.

Спорттық-сауықтыру кешенінің жобасы Павлодар облысының Ақсу қаласы үшін әзірленген. Кешенді салу қажеттілігі қалада орталықтандырылған спорт имаратының жоқ болуына негізделді. 

Кешеннің мақсаттылығы көп функционалды – жаттығу, жарыс, концерт, көрме өткізу. Ғимарат жоспарға сәйкес күрделі пішін үйлесіміне ие, осьтердегі өлшемдері - 90,0м х 66,0м, 2 қабаттан тұрады, барлық техникалық үй-жайларды орналастыру үшін техникалық жер асты қоймасы бар. Үй-жай биіктігі - 3,6 м; негізгі спорт залының биіктігі – салмақ түсетін құрылымға дейін 8,5 м, әмбебап мақсаттағы залдың биіктігі – 4 м.

Құрылыс ауданы   4622,1 м2
Пайдалы алаңы   8303,5 м2
Құрылыс көлемі   42904,6 м3
Жер үсті бөлігі    34988,6 м3
Жер асты бөлігі   7916,0 м3

Қасбеттер әрленімі заманауи әрлеу материалдарынан жасалған: қыш-гранитті тақташалардан жасалған желдетілетін қасбет, алюминий композитті материалдарымен, күңгірт шынымен қапталуы имаратқа заманауи әрі бірегей сипат береді. Орталық кіру қабырғалардың үстіңгі беттерінің барынша шынылануымен, күрделі пішін үйлесіміндегі күнқағарымен көзге түседі. Ғимараттың негізгі кіретін жері алдында кешен келушілері үшін демалыс орындары бар стилобат орналасқан. 

Жоспарлау шешімі негізгі функционалдық лектердің бөлінуін көздейді. Ғимарат бас вестибюлі бар бірыңғай кіру торабына ие, мұндағы көрермендер легі және спортпен шұғылданушылар спорт залының мінбелеріне, негізгі спорт залының шешінетін бөлмелеріне, қосалқы үй-жайларымен жаттығу залдарына, демалыс аймағына, 2-ші қабаттың фойесіне, шешіну бөлмелерінің кешені бар әмбебап мақсаттағы залға өтіп, бөлінеді.
Вестибюльдің орталық өзегі - жарық өтетін фонарь арқылы жарықтандырылатын ашық ішкі баспалдағы, бұл табиғи жарықтың вестибюльдің ішкі кеңістігіне жайылуға мүмкіндік береді.
Арбалармен жүретін мүгедек көрермендер спорт кешеніне кіру үшін 10% еңісі бар пандустармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ көп қимылдамайтындар үшін жаттығу залдарында барлық жағдай қарастырылған. 1-ші қабатта мүгедектерге арналған санитарлық торап жасалған.

Спорттық-сауықтыру кешенінің келушілері үшін демалыс аймағы, 32 орындық тамақтанатын орын, медициналық қызмет көрсету үй-жайы – дәрігер кабинеті, күту залы бар.
Негізгі спорт аренасы 530 көрерменге арналып жасалған. Жоспарлау ерекшелігі - спорт кешенінің келушілері 2-қабаттың балконында отырып, спорт залындағы жарыстарды витраж арқылы бақылай алады. Спорт залы жаттығу, волейбол, баскетбол, теннис ойындары және жарыстарына арналған. Тасымалданатын спорт жабдықтары бар үй-жайлары спорт залына жақын орналасқан.
Көрермендерге арналған мінбелер телескопиялық құрылымдар арқылы жобаланған, бұл қажет болған жағдайда залдың бос кеңістігін мінбелерді жинау арқылы үлкейтуге мүмкіндік береді. Көрермендерге арналған орындар аренадан және эвакуациялық өту жолынан тыс жерде көрермен орындарын бойлай орналасқан. Мүгедектерге арналған орындар бірінші қатарда, мұндағы орындықтар жиналып, оның рөлін арба-креслолары атқарады.
Өңірлік жарыстарды өткізу мүмкіндігін ескере отырып, спорт залдарының жанында киім ілетін орындар, жаттықтырушыларға арналған бөлмелер, уқалау, душ қабылду бөлмесі, спорт кешеніне жеке кіретін есіктері бар екі командаға арналған санитарлық торап бар.

Спорттық-сауықтыру ғимаратынан көшіру ғимараттың бүкіл периметрі бойынша орналасқан шығу есіктері арқылы жүзеге асырылады.

Кешеннің екінші қабатында киім ілетін орындар, душ қабылдау бөлмелері, санитарлық тораптар, жаттықтырушылар бөлмесі, жабдықтар бөлмесі бар әмбебап мақсаттағы зал орналасқан. Зал жаттығу, хореографиялық сабақтар, балалар секциялары үшін пайдаланылуы мүмкін. Екінші қабаттағы фойеде шахмат, шашки, үстел теннисін, сондай-ақ көрмелерді өткізуге болады. Екінші қабатта спорттық-сауықтыру кешені әкімшілігінің кабинеттері орналасқан. Спорттық-сауықтыру кешенінің үй-жайларын әрлеуде заманауи әрлеу материалдары қолданылған: қыш граниті, сәндік сылақ, қыш тақташа, «Армстронг» аспалы төбелері, Грильятто аспалы панельдері, Sibu сәндік панельдері. Спорт залында спорт жабындыларының заманауи талаптарына сәйкес келетін Грабо-Экстрим спорттық жабыны қолданылған. Көп кісі жүретін жайларда (вестибюль, фойе, дәліз) ұзақ уақыт бойы тозбайтын және жоғары сәнге ие құйылатын едендер пайдаланылған.

Қолданылған барлық материалдар ҚР аумағында өндіріледі.

Жоба барысында келесі жұмыстар орындалды:

  1. инженерлік-геодезиялық
  2. инженерлік-геологиялық
  3. жобалау жұмыстары, оның ішінде:
    • үлгі жобасы;
    • интерьерлер;
    • жұмыс жобасы;
    • сыртқы жарықтандыру;
    • инженерлік желілер.
  4. Қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалауды әзірлеу және жобаны сараптау

 

001 002 003
004 005 006
007 008 009
010 011 012
013 014 015
016 017