Бірде-бір заманауи ғимарат тіршілік етуімізді қамтамасыз ететін жүйелерсіз қызмет ете алмайды. Бұл жүйелердің инженерлік коммуникациялық жүйелер деген атауы қалыптасқан. Олар: жылыту, сумен қамту, желдету және ауабаптау жүйелері, ғимаратты электр қуатымен, кәріз жүйесімен қамту, сондай-ақ байланыс жасау құралдары.
|
|
Бұл мақсатта сарапшылар заманауи ғимараттар мен имараттарды стандартқа сәйкес қамтамасыз етудің жиынтық кестелерін, сондай-ақ тапсырыс берушінің жеке талаптары мен қалауларын пайдаланады. Егер инженерлік желілерді жобалау өндірістік немесе өнеркәсіптік нысандарға арналып жасалса, оның болашақтағы өндірістік ерекшеліктері есепке алынады. Әдеттегідей, мұндай жағдайларда желдету, жылыту және электр энергиясын тұтыну қуаттылығына ерекше назар аударылады. Инженерлік желілерді жобалау екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі – сыртқы инженерлік коммуникациялық желілерді жобалау. Бұл жоба, әдеттегідей, мына сауалдарға жауап береді: коммуникациялық желілерді жалпы пайдалану желісінен нысанға тарту, желілердің салынуын қамтамасыз ету мақсатында жер асты жұмыстарын жүргізу және тағы басқасы. Ғимараттың сыртындағы барлық құрастыру жұмыстары осы жоба арқылы реттеледі. Ішкі коммуникациялық желілерді салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жеке жоба немесе жалпы құжаттың жеке бөлімі әзірленеді. Ішкі инженерлік желілер жобасында толыққанды қызметін қамтамасыз ететін барлық жүйелер мен құрылғылардың орналасуы есепке алынады. Инженерлік желілерді жобалауда кейін орнату кезінде пайдаланылатын материалдарға, ішексым, құбыр және құрылғыларға ерекше назар аударылады. Олардың өнімділігі, ең жоғары есептік жүктемесі және тағы басқа пайдалану ерекшеліктері есепке алынады. Қазақстандық «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» жобалау-зерттеу институты ЖШС Сіздер үшін келесі қызмет түрлерін көрсете алады:
|