Жұмыс орындарын аттестаттау

Құрметті әріптестер!

Осы бөлімнің өзектілігі көптеген кәсіпорын басшылары, қауіпсіздік қызметі және еңбекті қорғау мамандары, экономистері тарапынан күмән тудырмайды, себебі:
Біріншіден – жұмыс орындарын аттестаттау «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің» 317-бабымен реттеліп, барлық меншік түріне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады;
Екіншіден – қарапайым тәртіптеме сияқты көрінгенімен, кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесінің барлық жақтарын қамтитын күрделі үрдіс болып табылады;
Үшіншіден – осы бағыт бойынша жүргізілген сапалы жұмыс өндірістік жарақаттанудың, кәсіпке немесе өндіріске байланысты туындаған ауру-сырқаттардың алдын алуға, кәсіпорын әкімшілігінің еңбек ұжымы әрі басқа сырт кәсіпорындар алдында әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға себін тигізеді;
Төртіншіден – аттестаттау қорытындылары зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін жеңілдік пен өтемақының тағайындалуына (расталуына, өзгертілуіне) негіздеме болып табылады.
Осы бөлімді құрудың мақсаты – жұмыс орындарын аттестаттаумен байланысты барлық мәселелер бойынша ықтимал тапсырыс берушілер топтарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Біз теориялық, сондай-ақ болашақта барлық кезеңдерде практикалық көмек көрсетуге дайынбыз. Туындаған барлық сұрақтар бойынша осы бағыттағы сарапшы - Максимюк Игорь Иванович жауап береді.
Сіздерден сауалдарды күтеміз, кез келген сауалыңызға тәжірибе мен нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа ала отырып, жауап береміз.
Сондай-ақ Сұрақтар мен жауаптар бөлімімен танысуды ұсынамыз.

Яндекс.Метрика