Сәулет-құрылыс бөлімі

Бөлім құрамына сәулет және құрылыс топтары енеді. Бөлім келесі қызметтерді атқарады:

  • ғимараттар мен имараттар үшін сәулеттік жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми қалпына келтіру жұмыстарын есепке алмағанда сәулеттік қалпына келтіру жұмыстары үшін жобалау құқығымен);
  • құрылыстық жобалау (ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу және (немесе) қалпына келтіру, сондай-ақ төменде көрсетілген жұмыстардың әрқайсысының құрылымдарын күшейту үшін жобалау құқығымен) және құрылымдау, оның ішінде:
    • негіздер мен іргетастар;
    • бетон және темір-бетон, тас және шегенделген тасты құрылымдар;
    • металл (болат, алюминий, және қорытпалардан жасалған) құрылымдар;
  • тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу), оның ішінде:
    • мектепке дейінгі білім беру, жалпы және арнайы білім беру мекемелері, интернаттар, кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелері, сауда (дәріханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауру-сырқаттарды емдеу және алдын алу, оңалту және шипажайлық емдеу), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету, дене шынықтыру-сауықтыру және спортпен шұғылдану, демалыс және туризм кәсіпорындары, сондай-ақ басқа да қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар көп функционалды ғимараттар мен кешендер үшін;
    • көліктік инфрақұрылым (тұрғындарға тікелей қызмет көрсету үшін арналған) және коммуналдық шаруашылық (көлік құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ басқа да өндірістік-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар мен имараттардан басқасы) үшін;
  • өндірістік мақсаттағы нысандарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу), оның ішінде:
    • энергетикалық өнеркәсіп;
    • медициналық, микробиологиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп;
    • тоған, бөгет, басқа да гидротехникалық имараттар;
    • мұнара және діңгек түріндегі құрылымдар үшін;
  • көлік, байланыс және коммуникациялар инфрақұрылымы нысандарын технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу), оның ішінде:
    • қала ішіндегі және қала сыртындағы көліктерге, оның ішінде автокөліктік, электрлі, теміржол және рельс арқылы, әуе, суда жүретін басқа да көлік түрлеріне қызмет көрсету;
  • өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын есепке алмағанда, ауыл шаруашылық нысандары құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу).

Бөлім мамандары орындаған жобалар қатарында:

  • Ақсу қаласындағы 530 көрерменге арналған әмбебап залымен спорттық-сауықтыру кешені,
  • «ЕЭК» АҚ-ның Ақсу электр станциясының ОРУ-220 кВ-тық орталық басқару қалқаны,
  • Павлодар қаласындағы Кутузов-Ж.Мұса көшелерінің қиылысындағы көп қабатты тұрғын үйлер кешені,
  • Павлодар қаласындағы екі және үш кіреберісті 9 қабатты тұрғын үйлер,
  • «Алға-А» АҚ қазандығын техникалық қайта жарақтандыру,
  • Ақсу қаласындағы бес қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту,
  • «ЕЭК» АҚ-ның мердігер ұйымдары үшін модульді тұрмыстық кешен,
  • Павлодар қаласы Усолка шағын ауданындағы коньки мен шаңғыларды жалға беру пункті,
  • Павлодар қаласындағы «Зеленая Роща» шаңғы базасының әкімшілік-тұрмыстық корпусы,
  • «ЕЭК» АҚ «Шығыс» разрезінің тау көлігі кешенін басқару жедел диспетчерлік орталығының орналасуы үшін әкімшілік-тұрмыстық кешенін қайта жаңғырту.

Бұдан басқа құрылыстық топ бетон беріктігін бұзбай тексеретін жабдықты қолдану арқылы ғимараттар мен имараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

 














Яндекс.Метрика