Бас жоспар және көлік бөлімі
Бөлім қызметінің түрлері мен жұмысы тізілімі:
- қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми қалпына келтіру жұмыстарын есепке алмағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын оңалту үшін жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның ішінде:
- жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбалары – аудандық жоспарлау жобалары, елді мекендердің бас жоспарлары, толық жете жоспарлау жобалары және аудан, шағын аудан, орам, жекеленген учаскелер жобалары);
- елді мекендердің (елді мекендердің шекарасы шегінде орналасқан қала ішіндегі және сыртындағы көліктің көше-жол желісі мен нысандарының) және қыстақ аралық аумақтардың (елді мекендердің көше-жол желісінен тыс орналасқан сыртқы көлік нысандары мен коммуникациялары) көлік инфрақұрылымы дамуының сызбасын әзірлеу;
- ғимараттар мен имараттар үшін сәулеттік жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми қалпына келтіру жұмыстарын есепке алмағанда, сәулеттік-оңалту үшін жобалау құқығымен), оның ішінде:
- нысандардың бас жоспарлары, аумақты инженерлік дайындау, құрылысты абаттандыру және ұйымдастыру;
- өндірістік мақсаттағы нысандарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу), оның ішінде:
- тоған, бөгет, басқа да гидротехникалық имараттар;
- көлік, байланыс және коммуникациялар инфрақұрылымы нысандарын технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу), оның ішінде:
- қала ішіндегі және қала сыртындағы көліктерге, оның ішінде автокөліктік, электрлі, теміржол және рельс арқылы, әуе, суда жүретін басқа да көлік түрлеріне қызмет көрсету;
- технологиялық жобалау (көлік құрылысы жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу), оның ішінде:
- теміржол көлігінің қатынас жолдары;
- барлық санаттағы автокөлік жолдары;
- қалалық электр көлігінің көше-жол желісі;
- көпір және көпір өткелдері, оның ішінде көліктік эстакадалар және көп деңгейлі тораптар.
Институт құрылғаннан бастап Павлодар қаласының көшелері мен жолдарын, алаңдарын, саябақтарын және гүлзарларын салу, қайта жаңғырту, күрделі және орта деңгейдегі жөндеу жұмыстарының жұмыс жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың басым бөлігін орындады. Павлодар облысы орталығы мен елді мекендерінің қала құрылысы құжаттамасын қамтамасыз ету бойынша елеулі жұмыс көлемі орындалды (толық жобалау, құрылыс сызбалары). Ірі және орта бизнес кәсіпорындарының кірме теміржол және автокөлік жолдарын жобалау бойынша мол тәжірибесі бар («Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ҚазСода» ЖШС, «РуБиКом» ЖШС, «Өркен» ЖШС). Сондай-ақ елді мекендердің қатты тұрмыстық қалдықтарының полигондары, пайдалы қазбаларды өндіру ашық кеніштері, қож жинайтын және тағы басқа имараттардың жобалары орындалды.
Олардың қатарында:
- Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сабындыкөл көлін тазарту жобасы,
- Павлодар қаласының №1А Усолка шағын ауданы, әуежай аймағындағы жеке тұрғын үй құрылысы, Сары-Арқа шағын ауданы, «Д» орамының толық жоспарлау жобаларымен біріктірілген бас жоспар,
- Павлодар облысы Железинка ауылының толық жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспар,
- Павлодар қаласы Байдалы ауылы, Павлодарское ауылы, Ленин кенті ауылдық аймағының толық жоспарлау жобаларымен біріктірілген бас жоспар,
- Павлодар облысы Шарбақты ауданы орталығының және елді мекендерінің толық жоспарлау жобаларымен біріктірілген бас жоспар,
- «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының құм-қиыршықтасты өндіруге арналған ашық кеніші,
- «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының қож үйіндісін жою жобасы,
- «ҚазСода» ЖШС «Құдайкөл» кен орны құмының ашық кеніші жобасы.