Инженерлік желілер бөлімі

Бөлім келесі қызмет түрлерін іске асырады:

  • қала құрылысын жобалау және жоспарлау, оның ішінде:
    • құрылыс жүйесінде жылу энергиясын өндіру және тасымалдау нысандарын орналастыру арқылы елді мекендерді, сондай-ақ қыстақ аралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендерді жылумен қамту сызбаларын;
    • ауызсу және (немесе) техникалық су көздерін шығару және су таратқыш жолды салу арқылы елді мекендерді сумен қамту, сондай-ақ қыстақ аралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендердің сумен қамту сызбаларын;
    • тұрмыстық, өндірістік және нөсер ағындыларын орталықтандырылған жинау және бұрып әкету жүйелерін, бас тазалау имараттарын, буландырғыштарды және ағындыларды өңдейтін объектілердің орнатылуын қоса алғанда, елді мекендердің және өндірістік кешендердің кәріз жүйелері сызбаларын әзірлеу;
  • инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, оның ішінде:
    • ішкі жылыту (электр жүйесін қоса алғанда), желдету, ауабаптау, суықпен қамту, газдау (төмен қысымды газбен қамту) жүйелері, сондай-ақ қосалқы нысандары бар сыртқы желілері;
    • ішкі су құбыры (ыстық және суық су) және кәріз жүйелері, сондай-ақ қосалқы нысандары бар сыртқы желілері.

Соңғы уақытта бөлім мамандары Павлодар облысы аудан орталықтарының және жекеленген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының кәріз және ағынды суларын тазарту жүйелерін жобалау бойынша мол тәжірибе жинақтап алды:

  • Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының кәріз жүйесін қалпына келтіру,
  • Павлодар облысы Качиры ауданы Тереңкөл ауылының кәріз жүйесін қалпына келтіру,
  • Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы кәріз жүйесін қалпына келтіру,
  • «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының негізгі цехтарының су деңгейі көтерілуінен кәріздеу және қорғау шаралары жобасы,
  • Павлодар облысы кальцийланған сода зауытын шаруашылықтық және ауыз сумен қамту имараттары бар сумен қамту жүйесін жобалау,
  • «ЕЭК» АҚ-ның Ақсу электр станциясының багер сорғысынан №1 күл үйіндісі басына дейін ø1020 мм. мөлдірленген су таратқышы,
  • Павлодар қаласының жылумен қамту, сумен қамту, су тарату, кәріздеу және нөсер кәрізінің магистральдық және орам ішіндегі желілерін салу, қалпына келтіру және жөндеу жобалары.
Яндекс.Метрика