Сметалық бөлім

Сметалық бөлім жаңа кәсіпорындардың, ғимараттар мен имараттардың, инженерлік желілер мен абаттандырулардың, сондай-ақ олардың қайта жаңғыртылуы мен кеңейтілуінің, жобалаудың барлық кезеңіндегі жөндеу жұмыстарының құнын анықтайтын сметалық құжаттаманы әзірлейді: техникалық-экономикалық негіз (ТЭН), жоба (Ж), жұмыс жобасы (ЖЖ), жұмыс құжаттамасы (ЖҚ). Жұмыстардың барлығын білікті мамандар сапалы және жылдам компьютерлік техника арқылы SANA-2001 және АВС-4 автоматтандырылған бағдарламаларында орындайды.
Бөлім мына нысандар құрылысының сметалық құны бойынша деректер қорына ие: ENRC Management KZ компаниясының кәсіпорындары, жергілікті және облыстық маңызы бар жолдар, Павлодар облысының бағдаршам нысандары, азаматтық құрылыс, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандары, тазалаушы имараттар, қазандықтар, жылу магистральдары мен тораптары, су құбыры, су тартқыш жүйелері, кәріз коллекторлары.

Яндекс.Метрика