«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін әзірлеу

  • «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі белгілі бір қызмет түріне арналған нысандар мен имараттардың құрылысы, қайта жаңғырту, уақытша тоқтату, жою кезіндегі жоспар алдындағы, жоспарлы, жоба алдындағы және жоба құжаттамасы құрамындағы жеке жоба ретінде әзірленеді және жоба құжаттамасымен жиынтықта мемлекеттік экологиялық сараптамаға келісу үшін ұсынылады.
  • «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде белгілі бір шаруашылық немесе басқа қызметтің қоршаған ортаға әсер етуі бағаланады, бағалау нақты нысандар мен имараттардың қоршаған ортаға әсер ету аспектілерінің толық көлемде жете талдауын көздейді және қоршаған орта құраушылары бойынша келесі материалдарды қамтиды:
    1. су ресурстары;
    2. жер асты қойнауы;
    3. өндіріс және тұтыну қалдықтары;
    4. физикалық әсерлер;
    5. жер ресурстары және топырақтар;
    6. өсімдік;
    7. жануарлар әлемі;
    8. әлеуметтік-экономикалық орта;
    9. өңірдегі жоспарланып отырған қызметті іске асырудың экологиялық қаупін бағалау.
Яндекс.Метрика