Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жол берілетін шекті шығарылу (ЖШШ) нормативтерінің жобаларын әзірлеу кәсіпорынның атмосфераны ластау деңгейін есептеу арқылы ластаушы заттардың (ЛЗ) шығарылу көздерін түгендеу, ЛЗ шығару өлшемдері мен нормативтерін белгілеу, таралуын есептеу, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде шығарындыларды реттеу жөніндегі іс-шаралар, ЖШШ нормативтерінің сақталуына бақылау жүргізуді қамтиды.
ЖШШ жобасын әзірлеу бес жылда бір рет, сондай-ақ технологиялық өндіріс өзгерген кезде, зиянды (ластаушы) заттарды стационарлық жаңа шығару көздері пайда болған жағдайда өткізіледі.