Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің (ҚОН) жобаларын әзірлеу
Жоба жекеменшік қалдықтарды орналастыру нысандары бар жеке және заңды тұлғалар үшін әзірленеді. Жоба құрамына енеді:
- кәсіпорынның өндірістік және технологиялық үрдістерін, пайдаланатын шикізатты сипаттау;
- түзілетін қалдықтар көлемін есептеу және негіздеу;
- қалдықтардың жіктелуі туралы мәліметтер;
- кәсіпорындағы қалдықтарды басқару жүйесі;
- қоршаған ортаны ластау деңгейін бағалау (ҚОЛДБ);
- қалдықтармен жұмыс істеген кезде мүмкін болатын апаттық жағдайлар туралы мәліметтер;
- қалдықтармен жұмыс істегенде өндірістік бақылау;
- есеп беру кезеңінде кәсіпорынның қалдықтарды орналастыру лимиттерін есептеу ;
- орналастырылатын қалдықтардың қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері ықпалын төмендету жөніндегі іс-шаралар.