Ұқсас жұмыс орындарын анықтау кезінде қандай өлшемдерді басшылыққа алу керек?

Жауабы

Жауабы
Келесі жағдайлар орындалса ғана жұмыс орындары ұқсас болып есептеледі:

  • бірдей жұмыс түрлері орындалса;
  • бір жабдық бойынша қызмет көрсетілсе (қолданса);
  • технологиялық үрдісте бірдей материалдар, шикізаттар пайданылса;
  • жұмыс орындары бірдей ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықталса;
  • өндірістік жабдықтардың пайдалану мерзімдері арасында елеулі айырмашылық болмаса.

Жабдықтардың кейбір түрлеріне (оның ішінде дербес компьютерлер де бар) қатысты «жұмыс орындарының ұқсастығы» ұғымын пайдалану дұрыс емес, себебі үлгілері бірдей дербес компьютерлерде жұмыс істеген кезде өндірістік ортаның ықпал деңгейінде айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін (электр-магниттік өрістер). Жекеленген ықпалдар (ДК орнатылған бөлмедегі шағын климат және шуыл) бойынша ұқсастықтар болуы мүмкін.

Санат

Яндекс.Метрика