ДК пайдаланушыларының жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу қажет пе әлде жоқ па?

Жауабы

Аттестаттауға жататын нысандарды іріктеген кезде бірінші кезекте өндірістік бөлімшелердің жұмыс орындары тұрады, дегенмен ДК пайдаланушыларының жұмыс орындарын аттестаттамауға негіз жоқ, себебі:

  • біріншіден, Ереженің 6-тармағына сәйкес «аттестаттауға ұйымның барлық өндірістік нысандары жатады». Бірақ өндірістік нысандар өнімді шығару және дайындаумен, әзірлеу, пайдалы қазбаларды шығару және қайта өңдеумен, құрылыспен және тағы басқа өндіріс қызметімен айналысатын ұйымның цехтары, бөлімшелері және басқа да жекеленген бөлімшелері болып табылады. Көптеген адамдар ДК пайдаланушыларының жұмысын өндірістік қызмет қатарына қоспайды. Дегенмен, осы контингент жұмысы дербес компьютерді қолдану арқылы зияткерлік өнім жасаумен байланысты, ал олар зиянды өндірістік ықпал көздері болып табылады. 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №767 санитарлық ережеге сәйкес (Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар) ДК пайдаланушыларының жұмыс орындарындағы еңбек үрдісіндегі негізгі ықпалдар шуыл, жарықтандыру, шағын климат, иондалмайтын электр-магниттік сәулелену болып табылады.
  • екіншіден: Ереженің 14-тармағына сәйкес «еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жатады».

Санат

Яндекс.Метрика