Қазақстандық «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» жобалау-зерттеу институтының 2011 жылғы мамыр айында сапа менеджменті жүйесінің ресертификатталған аудиті сәтті өтті. Ресертификатталған аудит ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығымен аккредиттелген «ҚазСерт» ЖШС сертификаттау жөніндегі орган арқылы өткізілді.
Аудит Қазақстандық «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» жобалау-зерттеу институтының сапа менеджменті жүйесі Қазақстан Республикасының «ҚР СТ ИСО 9001-2009. Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігін растады.
Қазақстандық «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» жобалау-зерттеу институтының басшылары мен барлық құрылымдық бөлімшелері кешенді тексеруден өтті. Аудит қорытындылары бойынша кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесін жақсарту мен жетілдіру жолдары белгіленді.