Кәсіпорнымыз 1995 жылы құрылды. Негізін қалаушы әрі басшы - Яковенко Константин Васильевич. Алғашқы жылдары тек инженерлік-геодезиялық жұмыстар орындалды. 1998 жылдан бастап жобалау бөлімі құрылды, кейінірек геология және экология бөлімдері құрылды. 2004 жылы химиялық, топырақтану және санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар ашылды. 2007 жылы жұмысын істеп жатқан зертхана негізінде аккредиттелген Сынау орталығы құрылды. 

2007 жылдың аяғында «Изыскатель» ЖШС Қазақстандық «Изыскатель» жобалау-зерттеу институты ЖШС болып атауын өзгертті.
2012 жылдың тамыз айында Қазақстандық «Изыскатель» жобалау-зерттеу институты ЖШС Қазақстандық «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» жобалау-зерттеу институты болып қайта атауын өзгертті.
Біздің міндетіміз – ілгері технологияларды қолдану арқылы уақытында әрі сапалы жобалық-зерттеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету.
Бұл міндетті табыстылықпен орындау мақсатында халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкес ISO-9001:2009 «Сапа менеджменті жүйесі» және ISO-14001:2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі» стандарттары енгізілді.
Кәсіпорын көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтіп, үнемі дамып отырады. Бүгінгі күні өз клиенттерімізге келесі қызметтерді ұсынамыз:

  • инженерлік-геодезиялық іздеулер;
  • инженерлік-геологиялық іздеулер;
  • топырақ, жер асты суларын, негіздер мен іргетастардың жағдайларын зертханалық зерттеу;
  • қала құрылысын жобалау;
  • сәулеттік жобалау;
  • құрылыстық жобалау және құрылымдау;
  • инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
  • сызықты имараттарды жобалау (теміржол және автокөлік жолдары);
  • технологиялық жобалау;
  • экологиялық жобалау, нормалау;
  • тау өндірісін жобалау (пайдалы қазбаларды шығару);
  • жұмыс орындарын аттестаттау;
  • зертханалық-аспаптық экологиялық және гигиеналық зерттеулер;
  • кірме теміржол жолдарына арналған техникалық құжаттаманы әзірлеу;
  • ғимараттар мен имараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық зерттеу.

Осы қызметтерді іске асыру үшін бізде қажетті тәжірибе, білікті мамандар, мемлекеттік лицензиялар, рұқсат беретін сәйкес құжаттар, заманауи жабдықтар және лицензиялық бағдарламалық жасақтама бар. Кәсіпорын мүмкіндіктері қысқа мерзім ішінде кез келген жобаларды орындауға, Қазақстан Республикасының кез келген аймағында жұмысты сәтті іске асыруға жағдай туғызады.
Өз жұмысында бөлімдер тек лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы қолданады:

  • Autocad;
  • AutocadCivil 3D;
  • AutodeskRevitArchitecture;
  • Archicad 12;
  • Autodesk 3ds Max 2012;
  • AdobePhotoshop;
  • ЭРА;
  • MapINFO;
  • SANA-2001 (Құрылыс құнын есептейтін бағдарлама).

Тапсырыс берушілердің қатарында мемлекеттік мекемелер бар:

  • Павлодар облысы қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
  • Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы;
  • Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
  • Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі;
  • Павлодар қаласы құрылыс бөлімі.

Сондай-ақ қала мен өңірдің ірі кәсіпорындары:

  • ЕЭК АҚ-ның «Ақсу электр станциясы»;
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ;
  • «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты;
  • «ПМХЗ» АҚ
  • «Кастинг» ЖШС ПФ
  • «KSP Steel» ЖШС ПФ
  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ;
  • және тағы басқалары.
Яндекс.Метрика